БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыҚаратау  ауданының «Батон» мектеп  бөбекжай  бақша кешені   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)ҚР, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ақынова көшесі № 14 А үй.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон  8(747)522-18-56 
электронды поштасы:  Baton_bala2019@mail.ru
https://www.instagram.com/baton_balaa?igsh=c3Jydnh3aTk1M2Zk&utm_source=qr
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Сидикова Назира Бахриддинқызы «Батон»мектеп  бөбекжай бақша кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2023 жылғы 01 тамызындағы  № 20-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 18.12.2018  жылы берілген. БИН: 141400019407
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта  2022 жылғы 19 мамырдағы № KZ85RVK00040085 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2012 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І  ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші топ- куні бойы, Ортаңғы топ- күні бойы, Ересек топ – күні  бойы, МАД топ –  күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны  100 балаға арналған. 20.11.2014 жылы 75 балаға №17-815-4-565 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 27.09.2019ж  1 топқа  №55  санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 01.10.2019ж 1 топқа № X.13-3.X.KZ31VWF00013762 эпидемиологиялық қорытынды берілген. 19.10.2020ж 25 балаға арналған №X.13-3.X.KZ64VWF00031695 эпидемиологиялық қорытынды берілген.   Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  2 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 100  орындық, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ  20- 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Төрт топ жұмыс жасайды. Кіші топ : «Балбөбек», ортаңғы топ: «Балапан», ересек топ:«Балдырған», МАД топ: «Бірлік» тәрбиеленушілер мемлекеттік  тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар – 4 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 2 дана;

— Түсті принтер-1 дана.

— Принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.